Жеке мекемесі
«ЗЕРЕК колледжі»

Тіліңізді таңдаңыз

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп құрметтеу - міндетті парызымыз болып саналады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай біздің колледжде «Сен мемлекеттік рәміздерді білесің бе?» тақырыбында викторина өткізілді. Мақсаты: білім алушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қадірлеуге, әрқашан жоғары ұстауға, қорғауға және ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Бұл іс-шараға А-21, В-21, У-22 тобының студентері қатысып, рәміздеріміздің маңыздылығы, шығу тарихы туралы викториналық сұрақтарға белсенді  жауап берді. 12 сұрақтан тұратын викторинаның әр дұрыс жауабына 1 ұпайдан жинап, озып шыққан В-21 тобын атап өткізгіміз келеді. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Осылайша Қазақстан Республикасының – біздің Отанымыздың мемлекеттік рәміздерін білетіндеріңді көрсеттіңіздер.